Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары облыс орталығында және ауданда бірқатар нысандарды аралады.
Сенаторлар Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы Жалағаш ауданындағы Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу орнында Елбасының «Төртінші өнекәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасынан» туындайтын міндеттер және еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуын көздейтін стратегиялық бағдарламаларды іске асырудың заңнамалық негіздері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұнан кейін Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің, аудандық аурухананың, ішкі істер бөлімінің жұмыстарымен танысып, Бұқарбай батыр ауылындағы «Байтабын» ЖШС-нің егін алқабын аралады.
Сырдарияның сол жағалауындағы құрылыс жұмыстарын Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева аралап көрді. Қызылорданың бас жоспарына сәйкес, бой көтерген жаңа қалада аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы, құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен 5 қабатты 18 тұрғын үй, 320 орындық балабақша, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, жастар орталығы салынуда. Сондай-ақ, осы аумақта алдағы уақытта көпсалалы облыстық аурухана, мектеп, емхана құрылысын салу жоспарланған. Сол жағалаудағы жаңа нысандарды аралаған Балайым Туғанбайқызы құрылыс жұмыстарын жоғары бағалады.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<