Диетолог артық салмақтан арылудың тиімді жолын атады

724

0

Жаңа жыл алдында артық салмақтан арылғысы келетіндер саны артады. Дене бітімін арқылы өміріне өзгеріс әкелуге бел байлағандар аз уақытта нәтижеге қол жеткізе алады. Дегенмен ертерек әрекет етуі керек. Sputnik радоисына сұхбат берген дәрігер-диетолог Елена Соломатина артық салмақтан арылудың тиімді жолын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігердің сөзінше, бастапқы дене салмағы неғұрлым көп болса, нәтиже де соншалықты жақсы болады.

«Жаңа жылға дейін аз уақыт қалды, сондықтан көп арықтау мүмкін болмайды. Мұны жасаудың керегі де жоқ, себебі жылдам салмақ тастау денсаулыққа зиян. Дегенмен бірнеше келіден арылуға болады. Әрине, салмақ көп болған сайын арықтау да оңайға соғады. Егер бастапқы салмақ аз болса, артық салмақ тастау қиын. Кейде көп арықтаудың қажеті болмайды. Тек жаңа жылдық киім мен костьюм дәл болса жеткілікті», – деді Елена Соломатина.

Жақсы нәтижеге жету үшін маман тәтті мен тұзды тағамнан бас тартуға кеңес берді.

«Біз тәтті жегенде май жинаймыз, ал тұз ағзада ылғалды ұстап қалады. Зат алмасу процесін жаңылдырады, ісуге әсер етеді. Бұл сол үшін қажет. Нан, ақ ұннан жасалған бөлке және әр түрлі печеньелер – бұлардың барлығы қант, оларды да жеуге болмайды», – деп түсіндірді диетолог.

Сонымен қатар мәзірге белгілі азық-түліктерді де қосу керек.

«Жасұнықты көбірек тұтыну керек. Яғни әр тамақ ішкен сайын көкөністі қосыңыз. Олар майдың сіңірілуіне жол бермейді, ішек микрофлорасын жақсартады. Соңғысы бізге өте маңызды. Асқазанда майдың сіңірілуін арттыратын бактериялар бар. Ал кейбірінде асқазан микрофлорасы қалыпты болуы мүмкін. Бірдей тамақ ішсе де, бірі толып, екіншісі өз салмағын сақтап тұруы осыдан», – деді Елена Соломатина.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<