Диетолог ас қорытуды жақсартатын арзан өнімді атады

722

0

Диетолог Ирина Степная ас қорытуды жақсартуға қандай арзан өнім көмектесетінін айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды, деп хабарлайды Мassaget.kz.

Оның айтуынша, күніне екі жұмыртқаның сарысын жеу асқазан-ішек жолдарының жұмысына және сүйектердің беріктігіне жақсы әсер етеді. Оны дұрыс сіңіріп, салмақ жоғалтуға ықпал ету үшін жұмыртқа сарысына  көкөніс, балық, ет өнімдерін қосу керек.

«Егер сіз ас қорытуды жақсартқыңыз келсе және витамин тапшылығын ұмытқыңыз келсе, бұл тағамды диетаңызға қосыңыз», – деді Степная.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін испан диетологы Анджела Морено бауырға май жинайтын, бауыр ауруларын тудыратын өнімдерді атаған болатын.

Маманның айтуынша, дүкендегі шұжықтар мен нан өнімдері денсаулыққа өте кері әсер етеді. Бауырдың ауыр проблемалары осындай «диета» нәтижесінде пайда болып, кейін, алкоголь ішпейтін адамдар да дәрігерге жүгінеді. Соңғысы фиброздың, цирроздың және басқа да бірқатар өлімге әкелетін аурулардың дамуын күшейтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<