Диетолог дұрыс тамақтанбаудың бас ауруына қандай қатысы бар екенін айтты

739

0

Диетолог Эми Гудсон дұрыс тамақтанбаудың бас ауруына қандай қатысы бар екенін айтып берді. Маманның кеңесін Eat This, Not That! журналы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Диетологтың айтуынша, қандағы қанттың мөлшері төмен болуы себебінен бас жиі ауырады. Ол әсіресе, ұзақ уақыт бойы ас ішпеген кезде болады.


«Түскі асты өткізіп қойсаңыздар, әдетте қандағы қант мөлшері түсіп кетеді. Ал қанттың түсуінен бас ауырады. Тіпті, жүрек айнып, бас айналуы мүмкін.


Қандағы қант мөлшерінің түсіп кетуіне дұрыс емес тамақтану да себеп болуы мүмкін.


«Егер тек қана көмірсу тұтынатын болсаңыз, алдымен қандағы қант мөлшері артып, кейін ағуыздың жетіспеушілігінен одан сайын түсіп кетеді», — дейді Гудсон.


Ал көмірсуға бай тағамдардан бірден бас тартып немесе оны тұтынуды айтарлықтай азайтқан жағдайда, оның ақыры да жақсылыққа апармайды, деп ескертті маман.

Сондай-ақ, Гудсон бас ауруына әкеп соқтыратын тағы екі әдетті атады. Айтуынша, аш қарынға тек тәтті ішіп, кофе ішкен дұрыс емес.


«Әркімнің ағзасы кофеинді әртүрлі қабылдайды. Бірақ бұл жүйке жүйесін ынталандырушы болғандықтан, ол адамдарда абыржу мен бас ауруына әкеліп соқтырады», – дейді дәрігер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<