Диетолог Светлана Панченко бірнеше факторларды келтіре отырып жержаңғақты ең зиянды жаңғақ деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
«Жержаңғақты ең зиянды жаңғақ деп атауға болады. Оны жаңғақ деп атауға да келмейді, себебі бұршақты дақылдар тобына жатады және жерде өседі. Жержаңғақ – күшті аллергендердің бірі. Жерде өскендіктен зеңді саңырауқұлақтардың әсеріне ұшырайды. Ол адам денсаулығына зиян келтіруі ықтимал», – деді Панченко.
Кез келген жаңғақ пен жержаңғақта фитин қышқылы бар. Ол тамақтан темір секілді бірнеше микроэлементтің сіңуіне кедергі келтіреді екен.
Диетолог шикі жаңғақты тұтынар алдында бірнеше сағат суға салып, кептіруге кеңес береді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<