Дәмділер тегін таратылады

423

0

Дәмділер тегін таратылады Наурыз мейрамын атап өтуге арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, 14-22 наурыз аралығында әрбір күнге тақырыптық атаулар берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов айтты. 

«Наурыз дәстүр» күні болып бекітілген 16 наурыз күні қала көлеміндегі барлық білім беру мекемелерінде «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбымен мерекелік салтанатты шаралар ұйымдастырылып, «Наурыз мейрамы» ұғымының пайда болу тарихы бойынша танымдық сабақтар тізбегі өткізілетін болады. Бұл бағыттағы шаралардың жалғасы ретінде халыққа танымал зиялы қауым өкілдерін, еңбек ардагерлерін тарта отырып, оқушыларға ынтымақ пен бірліктің, мызғымас татулықтың Тәуелсіздігімізді баянды етуге тигізер ықпалын түсіндіру мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбымен кездесу шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қаладағы ЖОО-ның студентері арасында қалалық мәдениет және демалыс паркінде ұлттық спорт түрлерінен студенттер арасында сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Ал, 17 наурыз «Наурыз-жаңару» күні болып бекітіліп, бұл күні арнайы белгіленген орындарда «Наурыз береке» тақырыбымен халыққа қолжетімді бағада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған аудандардың кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады деп күтілуде.

Қызылорда қаласы – «Толыбеков» көшесінің бойы; Шиелі ауданы – Тасбөгет кентінің орталық алаңы;

Жаңақорған ауданы – «Астана» даңғылының бойында.

Қаладағы ерікті жастардың бастамасымен Ұлы Отан соғысы, еңбек және тыл ардагерлерлері, тұрмысы төмен жалғызбасты азаматтарға «Ардагерлерге тағзым» атты қысқы мезгілден кейінгі тазалау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жәрдем беру шаралары өтеді. Сонымен қатар, мереке қарсаңында тұрғындарды көркейту-көгалдандыру шарасына тарта отырып, «Наурыз – Көк» тақырыбымен жалпыхалықтық сенбіліктер ұйымдастырылып, «Наурыз – Тал» экологиялық акциясы аясында 2000 ағаш көшеті отырғызылатын болады.

«Наурыз салауаты» күні, яғни 18 наурыз күні қала тұрғындары арасында ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Сонымен қатар, қала көлеміндегі барлық спорт алаңдарында заманауи спорт түрлерінен (Воркаут, Стритбол, Скейтбол) жас ерекшеліктеріне қарамай біріншіліктер өткізіледі.

«Наурыз тарту» күні болып бекітілген 19 наурыз күні «Қазантаев» көшесінің бойында («Жайна», «Қасиет», «Бірлік» СҮ-нің алдында) қала көлеміндегі «Сыбаға», «Жайна», «Талғат» базары кәсіпкерлерінің тұрғындарға арналған сый тартуы ретінде киіз үйлер тігіліп, халыққа тегін дәмділер таратылатын болады.

20 наурыз күнін «Наурыз думан» күні етіп бекітіп, бұл күні басымдық кент және ауылдық округтердегі мерекелік шараларға берілді.

Қалаға қарасты елді мекендердегі мәдениет үйі мен клубтарда, орталық алаңдарда мерекелік шаралар ұйымдастырылып, тұрғындардың басым көпшілігін тарту көзделіп отыр.

Әз наурыз – жыл басы (Жастар күні) ретінде белгіленген 21 наурыз күні орталық алаңда жастардың «Домбыра думан» мерекелік шарасы ұйымдастырылып, кешкі уақытта Наурыз мерекесіне арналған «Жастар» кеші өткізіледі. Мерекелік шара барысында өз өнерімен танымал болып жүрген қала жастары қала тұрғындарына, жастарға өз өнерлерін паш ететін болады.

 22 наурыз күні орталық алаңда Ұлыстың Ұлы күнін атап өтуге арналған театрландырлыған қойылымдар ұйымдастырылып, Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында қала тұрғындарына арналған тақырыптық бағыттары бекітілген киіз үйлер тігіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<