Білім саласында ұзақ жыл істеген ұстаздар зейнетке ерте шығып жатса, министрлік оған тек қуанады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайдыSputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Нұр Отан» партиясында өткен қоғамдық қабылдаудан кейін журналистер білім министрі Сағадиевтен «бар ғұмырын білім саласына арнаған ұстаздарға зейнетке ерте шығуға мүмкіндік беретін норма енгізілуі мүмкін бе?» деп сұрады.
«Бұрын мұндай жүйе болған. Бірақ мұнда тек мұғалімдер ғана емес, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, шекарашылар, тағы басқалар бар ғой. Біз министрлік ішінде бұл мәселені қарастыра алмаймыз. Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің белсенді араласуымен үкімет деңгейінде қаралатын дүние. Қаралған кезде де, тек мұғалімдер ғана емес, барлық категория назарға алынады. Егер осындай норма енгізілсе, біз тек қуанамыз», — деді Сағадиев.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<