Егін жинау науқанын 10 қазанда аяқтау жоспарланып отыр

662

0

Биыл Сыр маржанын жинауды шаруалар 26 тамызда бастады. Ала жаздай атыз аралаған диқандар егін жинау науқанын 10 қазанда аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.


Облыста биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 188,1 мың гектар жерге орналастырылған. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі 83,6 мың гектар. Бүгінде 78,9 мың гектар немесе жалпы күріш егісінің 94,4 пайызының суы байланған. Жекеленген шаруашылықтарда тамыз айының 26 күні күрішке орақ түсті.


«Ағымдағы жылы орын алған су тапшылығына байланысты, күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға дейін азайды. Оның орнына егісті әртараптандыру бағытында суды аз қажет ететін мал азықтық және майлы дақылдар, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Қазіргі таңда күріш орумен қатар қысқа құнарлы мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. Күзгі егін жинау және дала жұмыстары үшін қажетті жанар-жағар май қоры жеткілікті. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникалары күріш егісін оңтайлы мерзім ішінде жинап алуға толық дайын», – деді Талғат Тұрсынұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<