Егіс алқаптарын ұлғайту мәселесі таразыланды

907

0

Биылғы өңірімізде қалыптасқан қуаңшылық салдары мал азығын дайындауға кері әсерін тигізгені белгілі.
Соған сәйкес Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев ауданның Сыр бетінде орналасқан Жетес би, Қызылжар, Аманөткел және Қосжар елді мекендерінде болып, келер жылы егістік алқаптарын ұлғайту мәселесін пысықтап қайтты.

Елді мекендегі шаруалар мен тұрғындардың басын қосқан сапар барысында мал азығын жергілікті жерден әзірлеу мақсатында алдағы көктемде жоңышқа егуді қолға алудың маңыздылығы талданды. Сонымен қатар бау-бақша өнімдері мен көкөніс дақылдарын да өсірудің көлемін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру бағытында бірқатар ұсыныстар талқыланды.


Сапар аясында аудан әкімінің орынбасары облыстық бюджет есебінен қолға алынған Дін каналын қазу және тазарту, су реттегіш қондырғысын орнату жұмыстарын бақылап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<