Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы тағайындалды.
Н.Қордабай 1976 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқық» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Дәнекер» АҚ бухгалтері ретінде бастаған.
1999-2015 жылдары Қызылорда облысының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2015-2016 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі.
2016 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<