ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ҰЛТ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

370

0

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ - ҰЛТ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және кең ауқымдар адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңдесе алмайтыны анық. Ұлттық идея – ұлттың сол тарихи кезінде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдаққа ие көзқарастар. Ал белгілі мақсат-мүдде, мұратсыз ұлт – ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуыда мүмкін емес.

«Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мұраттарға қол жеткізді. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы -Мәңгілік ел», – деген еді Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей, демократиялық, құқықтық мемлекетіміздің басты темірқазығы – Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы деп айтуға толық негіз бар.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауда іргесі берік мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігімізді нығайту бағытындағы басты міндеттер жарияланған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді», – дей келе, жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу  мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін атап көрсетті. Басты 10 міндетті шешуге жұмылуға шақырды. Олар: индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» -агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне сондықтан да Елбасымыз қазақстандарға білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын. Елбасы атап көрсеткендей, жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектептегі жас буын өкілдерінен басталады. Оларға осындай талап қою арқылы дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына мықтап кіру. Ел болашағының дамуы нақты өз жастарымыздың қолында тұрғаны сөзсіз десек, сол жастарды тәрбиелейтін ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктеледі. Осы орайда Жолдаудан туындайтын жетінші міндет ретінде білім саласына, білім берудің жаңа сапасына баса мән берілген. Оның дәлелі – педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолықты интернетке қосу, «баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру.

Елімізде бәсекеге қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу бойынша жұмыстар білім беру саласының назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйытқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғары мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Қанат ҚЫПШАҚБАЕВ, «Болашақ» университетінің колледжінің оқытушысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<