Елде қант тапшылығы жоқ – Cауда министрлігі

764

0

Елде қант тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» – деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<