Еріктілер қайырымдылық шарасын өткізді

730

0

Балалар жылы аясында «Жас Орда» жас мамандары және ассамблея жастарының еріктілері бірлесіп балалар ауруханасында қайырымдылық шарасын өткізді. Сондай-ақ, Қармақшы ауданында жастар ресурстық орталығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Қуантсаң баланы қуант» атты акциясы өтті.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Волонтерлар фронт офисінің» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов хабарлады.


-Жыл көлемінде балаларға арналған әртүрлі қайырымдылық шараларын өткізуді жоспарлаудамыз. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген болатын. Осы орайда, 15 ақпан – халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні қарсаныңда облыстық ассамблея еріктілері аты жаман дертке шалдыққан бүлдіршіндерге арнап мерекелік шара ұйымдастырдық. Сондай-ақ, аудандарда балаларға арналған акциялар болып, қажетті киім-кешек пен басқа да тауарлармен қамтамасыз еттік. Наурыз айында республикалық фронт офисінің қолдауымен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік сертификаттарын үлестіру жоспарлануда, – деді Болатбек Айтбенбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<