ЕРЛІКТІҢ ҰРАНЫ, ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ

750

0

ЕРЛІКТІҢ ҰРАНЫ,  ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев­тың төрағалығымен облыс әкімдігі жа­нындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі ко­миссияның кезекті отырысы өтіпонда үш мәселе қаралды.

Облыс әкімі алдымен кадрлық өзгеріске тоқталып, Талғат Толыбайұлы Маханов облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын жеткізді.

Т.Маханов 1976 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Журналистика», Мәскеу экономика, статистика және ақпарат университетін «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы «Бағым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс­шысы ретінде бастаған. 1997-2007 жылдары «Хабар» АҚ мен «Қазақстан» республикалық телера­диокорпорациясында жауапты қызметтер атқарған. 2007-2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы, Қазақ агротехникалық университеті баспасөз орталығының директоры, Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы дирек­торының орынбасары, 2015 жылдан осы кезге дейін облыс әкімінің көмекшісі қызметін атқарып келді.

Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселелерге кезек берілді.

Облыс әкімі мемлекеттік рәміздердің маңызы мен роліне тоқталып, оларды қадірлеу, құрметпен қарау әрбір азаматтың борышы екенін баса айтты.

– Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы сабақ­тастықтың жарқын бейнесі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – хал­қымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» деген болатын. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету Қазақстанның барлық тұрғындарының азаматтық парызы екені анық, – деп атап айтты облыс әкімі.

Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қол­данылу жай-күйіне облыстық инспекциялық топтың тексеру қорытындысы бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Исмаилова хабарлама жасады.

Хабарламашының айтуынша, облыстық инспек­циялық топ барлығы 521 мекемеге мониторинг жүргізіп, қорытындысында 34 мекемеден кемшіліктер анықталған. Кемшіліктерді жою бағытында жұмыс­тар жүргізу туралы қала, аудан әкімдіктеріне ес­керт­пе хаттар жолданған. Отырыста анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекеме басшылары сөз алып, кемшіліктердің түзетілгенін, алдағы уа­қытта мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен орна­ластырылуында олқылықтарға жол берілмейтінін айтты.

Комиссия отырысында сонымен бірге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов, Арал және Сырдария аудандарының әкімдері Мұхтар Оразбаев пен Ғанибек Қазантаев сөз алды.

Жиынды қорытқан облыс әкімі мемлекеттік рәміздерді қолдану мен қадірлеуге қатысты жұмыстар әрдайым ерекше бақылауда болуы тиіс екенін, жастарды патриоттыққа тәрбиелеп, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді сіңіруде мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын насихаттауға баса көңіл бөлу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айнұр БАТТАЛОВА, 

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<