Фин хоккейшілері тарихта алғаш рет Олимпиада чемпионы атанды

608

0

20 ақпанда Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарында хоккейшілер ақтық сында өнер көрсетті, алтын медаль үшін Ресей мен Финляндия құрамалары таласты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бірінші болып ресейлік хоккейшілер есеп ашты. Сегізінші минутта олар ойыншылар санындағы артықшылықты пайдаланып кетті.

Михаил Григоренконың дәл соққан шайбасы қарсы команданың қақпасынан табылды. Фин құрамасы Вилла Покканың голының арқасында екінші кезеңнің басында есепті теңестірді.

Фин командасының шабуылшысы Ханнес Бьорнинен үшінші кезеңнің бірінші минутында шешуші гол соқты, есеп – 2:1. Осылайша финдер тарихта алғаш рет Олимпиаданың басты жеңімпазы атанды.

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін өткен матчта Словакия құрамасы 17 жасар Юрай Слафковскийдің дублінің арқасында Швеция құрамасын 4:0 есебімен ұтып кетті. Тағы бір-бір шайбадан Самуэль Такач пен Павол Регенда гол салды.
Жеңімпаздар құрамында қазақстандық «Барыстың» шабуылшысы Томаш Юрчо да болды. Словактар өз тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарының медалымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<