«FlyArystan» 16 наурызда Қызылордада әуе қатынасын бастайды

335

0

«FlyArystan» 16 наурызда Қызылордада әуе қатынасын бастайдыКөптен бері қызылордалықтардың көкейінде жүрген «Қорқыт ата» әуежайын жаңарту мәселесі көп ұзамай шешімін таппақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде биыл жолаушылар терминалы салынатынын облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ел алдындағы есепті кездесуде айтты.

– «Қорқыт Ата» әуежайының жолаушылар терминалын салу тұрғындар назарынан түспей келе жатқан мәселе екенін білемін. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр, – деді аймақ басшысы.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлағандай, жобаға қатысушы жеке­меншік әріптес ретінде «BI Group» компаниясына еншілес «BiGlobal» серіктестігі анықталды.

– Жобаның қатысушысы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысын бастап кетті. Құрылыс-монтаждау шаралары биыл басталады, – деді басқарма басшысы Ержан Әбдіхалықов.

2014 жылы «халықаралық» мәртебесін алған әуежайда ұзындығы 2700, ені 45 метр болатын ұшу-қону жолағы, рульдік жолдар, перрон мен әуе кемелеріне арналған тұрақ орындары бар. Алайда, қолданыстағы жолаушылар терминалы халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай келмейді. Сондықтан сағатына 300 жолаушы қабылдай алатын 2 телескоптық пандусы бар 2 қабатты ғимарат салу көзделіп отыр. Тиісті ұйымдардың қоры­тындысы қолға тиген соң конкурстың екінші кезеңі өтеді.

Еліміздегі алғашқы лоукостер – «FlyArystan» ком­паниясының Қы­зылордадан әуе рейсін ашуы қызыл­орда­лықтарды қуантты. Екіжақты келісімшарт негізінде 16 наурыздан бастап – Алматы-Қызылорда-Алматы, 19 наурыздан кейін – Нұр-Сұлтан- Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағыттары бо­йынша күнделікті ұшақ қатынай бастайды. Ал 30 мамырдан бастап ресейлік «Аэрофлот» компаниясы Мәскеу-Қызылорда – Мәскеу бағытында аптасына 4 рет әуе тасымалын орындайды.

Назерке Саниязова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<