Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалының жеребесі тартылды.
Еске салсақ, қос ойынның нәтижесімен «Челси» (Англия), «Вильярреал» (Испания), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Манчестер Сити» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары 1/4 финалға жолдама алған болатын.
Жеребе нәтижесінде командалар төмендегіше жұп құрады: «Челси» мен «Реал Мадрид» «Манчестер Сити» мен «Атлетико Мадрид» «Вильярреал» мен «Бавария» «Бенфика» мен «Ливерпуль»
Ширек финалдың алғашқы кездесулері 4-5 сәуір, қарымта ойындар 11-12 сәуірге жоспарланған. Жартылай финал 26-27 сәуір, 3-4 мамыр күндері өткізіледі.
Финал 28 мамыр күні Франция астанасы Париж қаласындағы «Сен-Дени» стадионында өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<