Футзал: Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

573

0

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді.


Бұл – еліміздің ұлттық құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты алдындағы дайындығы болмақ.


Қос кездесу Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14-15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады.


Айта кетсек, құрлықтық дода 2022 жыдың 19 қаңтар – 6 ақпан аралығында Нидерланд елінде өтеді. Қазақстандық футзалшылар В тобындағы қарсыластары – Словения, Италия және Финляндия.

2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орын алса, Өзбекстан 1/8 финалға дейін жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<