Гандболдан қыздар құрамасында қызылордалық сегіз ойыншы бар

621

0

Гандболдан әлем чемпионаты негізгі сатысында Қазақстан қыздар құрамасы Швециядан жеңіліп қалды.
Енді аталған топтағы үштікке іліккен құрамалар D тобындағы Нидерланды, Швеция және Пуэрто-Рикомен екінші топқа біріктірілді. Жарыс ережесі бойынша енді әрбірі бұрын кездеспеген қарсыласымен күш сынасады.


Айта кетсек, құрама сапында қызылордалық «Қайсар» гандбол клубынан сегіз ойыншы ел намысын қорғауда. Олардың қатарында Мария Пупченкова, Наталья Полуянко, Дана Әбілда, Татьяна Давыдова, Олеся Малышева, Жанерке Сейітқасым, Злата Звягина, Ксения Пупченкова бар.


Бүгінгі кездесуді қазақстандық гандболшылар сәтті бастаған еді. Алғашқы минуттарда қарсылас қақпасына жиі гол соқты. Нәтижесінде 3:1 есебімен алда тұрды. Одан кейін швециялық спортшылар басымдық танытты.
Кездесуде қазақстандық гандболшылар қарсыласына 20:55 есебімен есе жіберді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<