Генерал де Голльдің Байқоңырға сапарына арналған көрме өтеді

418

0

Генерал де Голльдің Байқоңырға сапарына арналған көрме өтеді 13 сәуір күні Қарағандыда Франция президенттерінің бірі Шарль де Голльдің Байқоңырға алғашқы сапарына арналған көрме өтеді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты. 
 «Байқоңырдан Астанаға дейін: Франция мен Қазақстан арасындағы ресми кездесулердің 50 жылдығы» атты экспозиция Франкофондық көктем-2018 шарасы шеңберінде өтеді.  Көрмені Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ ашады. Шара Франция және Қазақстан елшіліктерінің қолдауымен, Қарағандыдағы Француз альянсының Экомұражаймен тығыз әсіптестігі арқасында ұйымдастырылды.  
ХХ ғасырдағы Франция тарихының басты тұлғаларының бірі және халықаралық сахнадағы белгілі тұлға – генерал де Голль 1966 жылдың 25 маусымында Шетел қызметтерінің министрі Кув де Мюрвильмен бірге Байқоңыр ғарыш айлағына келді. Олар «Восток-2М» зымыран тасығышынан спутниктің ұшырылу сәтін тамашалады. Шараға Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев та қатысты және  бұл Қазақстан аумағына батыс-еуропалық мемлекет басшысы келген алғашқы оқиға еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<