Ғалымдар бетперденің омикрон штамына қарсы тиімділігін айтты

576

0

Бетперде тақпаған науқаспен 15 минуттық қарым-қатынаста омикрон штамын жұқтыру қаупі шамамен 100 пайыз, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nikkei Asia басылымына сілтеме жасап.

Мұндай қорытындыны RIKEN физика-химиялық зерттеулер институтының жапон ғалымдары жасаған. Олар «Фугаку» суперкомпьютері арқылы ықтимал жағдайларды модельдеген. Зерттеушілер 15 минут бойы бетперде тақпаған науқас адаммен сөйлескен кезде сөзсіз инфекция жұқтыру мүмкін деген қорытындыға келген.

Сонымен қатар, егер вирус тасымалдаушысы бетперде тағып, қарым-қатынас бір метрден астам арақашықтықта жүргізілсе, жұқтыру мүмкіндігі нөлге жақын. Вирус тасымалдаушысы бетперде тақпаған және бірдей арақашықтықта болған жағдайда, жұқтыру мүмкіндігі 60 пайызға дейін артады. Егер вирус жұқтырған адам бетперде киіп жүрсе, қауіп бірнеше есе төмендейді – қысқа арақашықтықта 14 пайызға дейін және алыс арақашықтықта нөлге дейін.

Зерттеушілер маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау омикрон штамының таралуын болдырмаудың тиімді әдістері деген қорытындыға келген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<