Ғалымдар мазасыздықтан арылудың ең қарапайым жолын айтты

544

0

Гетерборг университетінің ғалымдары мазасыздық пен абыржудан арылтатын ең тиімді құралды атады. Швед ғалымдарының айтуынша, түрлі дәрі-дәрмек пен дәрігерлерден қарағанда, мазасыздықтан арылуда спорттың әсері күшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Медик форум” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеушілер белсенді физикалық қимылдың психотерапиядан да жақсы әсер ететінін мәлімдеді. Олар 12 апта бойы белсенді түрде спортпен шұғылданған еріктілерді бақылады.

Нәтижесінде, спортпен шұғылданған адамдар мен психотерапевт қабылдауында болған жандардың мазасыздық симптомдары бірдей төмендеген. Осылайша физикалық жаттығулар қымбат дәрілер мен психотерапевттерден қарағанда әлдеқайда тиімді әрі қолжетімді құрал болып шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<