Ғалымдар ұзақ өмір сүруге арналған диетаның құпиясын ашты

913

0

Өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін күніне бес рет тамақтанып, күн сайын екі порция жеміс- жидек пен үш порция көкөніс жеу керек. Бұл туралы қытайлық Science and Technology Daily газеті жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Жемістер мен көкөністерге бай диета жүрек-тамыр аурулары, қатерлі ісік және өлімге әкелетін басқа да аурулардың қаупін азайтуға қабілетті. Жемістер мен көкөністердің бес порциясын күнделікті тұтыну ұзақ өмір сүруге көмектеседі..


Бұл ретте олардың санын көбейтсе, диетаның тиімділігі төмендейді.


Зерттеушілер барлық көкөністер мен жемістер ұзақ өмір сүру үшін пайдалы емес екенін атап өтті. Мысалы, бұршақ, жүгері және картоп өлімге әкелетін аурулардың қаупін төмендетпейді.


Денсаулықты сақтау үшін шпинат, салат, цитрус жемістері, жидектер мен сәбіз өте тиімді.
Бұдан бөлек, физикалық белсенділік, атап айтқанда аэробты жаттығулар да маңызды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<