Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты 100 жас мерейтойымен құттықтап, Сыр халқы атынан автокөлік кілтін табыстады.
Ғасыр куәгері береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын тілге тиек етіп, жастардың бейбіт күнде туған еліне адалдықпен, жанашырлықпен қарауы қажет екенін айтып, ақ батасын арнады.
Ақсақал Сталинград, Курск қалалары мен Беларусь, Польша, Германия елдерінде шайқасқа қатысқан. Көптеген орден және медаль иегері, Сырдария ауданы мен Қызылорда облысының Құрметті азаматы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл адамы» атағын алған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<