Гүлшара Әбдіқалықова: Халықтың 65 пайызы табиғи газ тұтынып отыр

722

0

Қызылорда облысында халықтың 65 пайызы табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болған. Бұл туралы аймақ басшысы брифинг барысында хабарлады.


«Үкіметтің қолдауымен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешудеміз. Бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, 65 пайызы табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 67,4 пайызға жеткіземіз», – дейді Гүлшара Наушақызы.


Сонымен қатар жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін жыл аяғына 75 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<