Гүлшара Әбдіқалықова: Сақтыққа салғырт қарамайық!

1177

1

Қызылорда «қызыл аймақта». Күрделі ахуалға байланысты аймақ басшысы фейсбук әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.

Қадірлі жерлестер!

Бүгін облыс «қызыл аймаққа» енді. Бұл қуанатын жағдай емес. Пандемия басталғаннан бергі уақытта өңірде 4890 жағдай тіркелген. Әлемді дүрліктірген індеттің беті қайтар түрі жоқ. Соңғы уақытта вирус жұқтырғандардың саны тым көбейіп барады.«Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі» дейді дана халқымыз. Сақтық шараларына мән беруді ұмытсақ, қөзге көрінбейтін тажалдың кез келген сәтте қатер төндірері анық. Оны тек сақтану арқылы ғана жеңе аламыз. Осы ретте, жергілікті мекемелердің, халыққа қызмет көрсету орындарының басшылары вирус тез тарайтын адамдар тығыз жиналатын орындарда, ғимараттарда халықтың сапырылысын реттегені жөн.Денсаулық алдымен өзімізге керек. Сондықтан, әрбір адам өзіне ғана емес, отбасына, туған-туысына, айналасындағы адамдарға зиянын тигізбеуі тиіс. Той-томалақ, ас беру, басқа да көпшілік жиындарды жақсы күндерге қалдыра тұрайық. Денсаулығымыз бәрінен қымбат екенін ұмытпағанымыз жөн. Қарапайым қағидатты ескерейік: маска, антисептик және арақашықтықты сақтау. Қымбатты жерлестерім, қауіпті індеттің ұзаққа созылмасы үшін осы қағидаттарды ескеріп, өз денсаулықтарыңызға асқан жауапкершілікпен қарап, карантин талабына бағынуға шақырамын.Ел болып қатерлі індетті бірге жеңіп, жарқын күндерге бірге жетейік!Жақынымызға жанашыр болайық!Саулық сақтықта екенін естен шығармайық!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<