Гүлшара Әбдіқалықова: Сыр диқандары күріштен 500 мың тонна өнім жинады

705

0

Биыл Сыр елі шаруалары үшін вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтті.
Дегенмен, ауыл шаруашылығындағы орнықты қадамдар арқылы шаруалар жылдағыдан кем емес, 500 мың тонна Сыр ақмаржанын өндірді. Қуаңшылық салдарынан суды үнемдеудің жолдары қарастырылып, әртараптандыру бағытында өнім өндіру ісі қолға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

–Топырақтың қатты тұздануына байланысты біз суармалы жерлерде басқа дақылдарды тек күріштің ауыспалы егісінде сәтті өсіре аламыз. Биыл күріш егісін 89,5 мың гектардан 83,6 мың гектарға дейін қысқарттық. Орташа өнімділігі ретінде гектарына 59,8 центнер күріш өнімін алдық. Алдағы уақытта егіс алқаптарын 80 мың гектарға дейін көлемінде қалыптастыруды жоспарлап отырмыз, бұл ретте ылғал аз қажет ететін дақылдар – соя, жүгері, майлы мақсары, соя, күнбағыс және жемшөптік дақылдар жоңышқа, сүрлем, жемдік асқабақ егістігін ұлғайтатын боламыз.


Сонымен қатар, суландырудың ылғал үнемдеу технологияларын – аквагельдерді, жаңбырлатып суаруды, көшет әдісін енгізудеміз,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қызылорда облысында ауыл шаруашылығының үлесі соңғы 10 жылда 3,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін артты. Күріштің өнімділігі мен жалпы алынған өнімі бүгінде 1991 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есеге өскен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<