89-шы: \»Харекет\» қоры кезекті үйді қызылордалыққа табыс етті

488

0

89-шы: \"Харекет\" қоры кезекті үйді қызылордалыққа табыс етті Қызылорда қаласында өткен өнер қырандарының «Берекелі мереке 5» кешінде Харекет Қайырымдылық қорының 89-ші баспанасының кілтін табыстады. Бұл туралы қордың «Facebook» парақшасында жариялаған жазбада хабарланды.
– Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың қалауымен Қызылорда қаласының тұрғыны, төрт балалы жалғызбасты ана Сәрсенова Марал апкемізге (1-топ мүгедегі) Қызылорда қаласында өткен «Өнер қырандарының» кешінде «Харекет» қайырымдылық қорының 89-баспанасының кілті табысталды. Жақсылыққа ұмтылған әр сәттеріңіз бен атқарған әр игі істеріңіз үшін Аллаһ разы болсын. «Әр қазақ – менің жалғызым» деп, бір қазаққа бар қазақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мүмкіндігіміз жеткенше қол ұшын созуды тоқтатпайық, ағайын! «Харекет» қайырымдылық қорының ғұмыры ұзақ, əрекеті берекелі болсын, – делінген хабарламада.