Илон Маск жаңа әлеуметтік желі жасауды ойлап жүр

812

0

Америкалық кәсіпкер Илон Маск жаңа әлеуметтік желі жасауды ойлап жүргенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Миллиардерден Twitter қолданушыларының бірі былай деп сұрады: «Илон Маск, сіз жаңа әлеуметтік желі жасауды қарастырар ма едіңіз? Бастапқы код алгоритмі ашық көрсетілетін, сөз бостандығы мен оны сақтауға басымдық берілетін, үгіт-насихат аз желі. Менің ойымша, мұндай платформа қажет».

Сұраққа Илон Маск «Мен бұл туралы шынымен, ойлап жүрмін» деп жауап берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<