Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты биылғы жылы еліміздің Қарағанды қаласында өтуі мүмкін деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Байрақты бәсекеде ауыр атлетиканың саңлақтары Илья Ильин мен Зульфия Чиншалло бақ сынайды деп күтілуде.
Жалпы өткен жылдың қараша айында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Түркменстанның Ашхабад қаласында өтеді деп жоспарланған еді.
Алайда, уақыт өте келе ұйымдастырушылар спорт додасын Қарағанды қаласында өткізу туралы шешімге келген.
Осылайша, жақын арада әлем чемпионатының біздің елде өтетіні жайлы ресми мәлімдеме жасалуы мүмкін.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионаты 24 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарлануда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<