Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралды

370

0

Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралды Допинг дауынан кейін екі жыл мерзімге спорттан шеттетілген қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин спортқа қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Нақтырақ айтқанда, Илья Ильинді спорттан шектету мерзімі 2018 жылдың 10 маусымында аяқталған. «10 маусымды мен өте көп күттім. Мен 24 мамырда отыз жасқа толған едім. Мамыр айында отызға толып, қуанышқа бөленгеніммен кеше күш пен эмоциям қайта көтерілді. Себебі, мен өзімнің сүйікті ісіме қайта оралдым. Осы уақытқа дейін еңсем түсіп жүргенімен, ал кеше өзімді еркін сезінгенімді білдім. Кезекті рет өзіме әлі де ауыр атлетке тоймағанымды дәлелдедім. Маған зілтемір көтерген ұнайды. Мені қолдаған барлық отандастарымды осы қуанышыммен бөліскім келеді», – дейді спортшы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
 Илья Ильинн сондай-ақ ең алдымен кімге алғыс білдіргісі келетінін айтты. «Ең алдымен, әлбетте, Халық және  Президент. Бірақ, бүгін Президентті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа – өзімнің рухани әкеме рахмет айтқым келеді. Өте күрделі кезеңде – өткен жылы біз ЭКСПО-да кездестік. Ол мені өзіне тартып: «Еш уайымдама. Сен мен үшін чемпионсың. Бәрі ойдағыдай болады. Мен саған сенемін» деп қолдау білдірді. Міне, осы сөзі мені қанаттандырды. Әлбетте, маған қолдау білдірген барлық адамдарға зор алғысымды білдіремін», – деді Илья Ильин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<