Имамдар Рамазанға дайындық жұмыстарын пысықтады

355

0

Имамдар Рамазанға дайындық жұмыстарын пысықтады ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала және аудан мешіттері имамдарының кезекті алқалы жиыны өтті.
Жиында өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы келе жатқан мүбарак Ораза айындағы аймақ бойынша ҚМДБ тарапынан бекітілген пітір-садақа мөлшері мен кестені таныстырып, өзекті мәселелерге тоқталды.
Күн тәртібі бойынша мешіттер мен қызметкерлердің Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтап, жоспарға сәйкес, мешіттердің қарилармен қамтылып, хатым Құран жасалуын, тарауық намазының үзбей оқылуын, 30 күнде 30 ауызашар тұрақты берілуін, ерекше жобалар мен іс-шаралардың ұйымдастырылуын, халық арасында дұрыс насихатталып, ақпараттандырылуын, сауаптар еселенетін шарапаты мол қасиетті айдың жоғары деңгейде өткізілуін қадағалауды тапсырды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<