Өткен аптада Қызылордада «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» атты ХІ Халықаралық «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы ұйымдастырылғаны туралы хабарлаған едік.
«Байқоңыр» ЕЭА – жобаларды іске асырудың келешек алаңы» тақырыбындағы секцияда «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағының аумағында ойын-сауық және туристік аймақтың құрылысына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, форум қарсаңында Қызылорда облысының әкімдігі мен «K2AT» ЖШС арасында 330 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл сомаға «Арал теңізі маңындағы смарт-егіншілік» және «Құрылуы жоспарланған «Байқоңыр» ЕЭА-да өндірістік кәсіпорындар құру»: қатерлі ісікке қарсы әсері бар қызанақ өңдеу үшін өндірістік объектілерді құру» жобалары және «Байқоңыр» ойын-сауық және туристік аймағының тұжырымдамасымен үйлестіре отырып, Орталық Азиядағы туризмнің дамуында жаңа көзқарас қалыптастыратын басқа да технологиялардың жобалары кіреді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<