Кедендік рәсімдеуге өзгерістер енді

879

0

Жыл басынан бері кеден бекеттерімен үш мыңға жуық тауарға декларация рәсімделген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары. Тауар айналымы бойынша импорт көлемі – 1983 ТАД болса, экспорт көлемі – 950 ТАД құрады. Сондай-ақ кедендік тексеру жүргізу барысында 301 заң бұзушылық фактілері анықталған.

Оларға «ҚР кедендік реттеу туралы» кодексіне сәйкес тиісті шаралар қолданылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша мемлекеттік кірістер департамені бастығының орынбасары Нұрлыбек Бимырзаев мәлімдеді.


«Кедендік рәсімдер бойынша импорт айалымы 7,6 пайызға азайды.


Әкелінген тауарлардың алдын ала декларациялау бойынша рәсімделгені 71 пайызды құрап отыр. Тиісінше, алдын ала декларациялаудың есепті кезеңінде 1 408 ТАД рәсімделген. Бұл өткен жылмын салыстырғанда 13,1 пайызға азайғанын көрсетеді. Сондай-ақ «Астана-1″ АЖ әртүрлі дәліздер арқылы барлығы 2 933 ТАД кедендік тазартудан өтті. Оның ішінде сары, қызыл, көк және жасыл дәліздер арқылы тауарлар барлық процедуралар бойынша автоматты түрде өтеді. Сонымен қатар тауарларға арналған декларацияларға 1061 арнайы түзетулер жүргізілді. Жалпы облыс бойынша сыртқы сауда айналымы 264 млн. доллар құрап отыр. Бұл салыстырмалы түрде жеті пайызға кемігендігін көрсетеді. Сыртқа сауда айналымының күрт төмендеуі пандемия мен әлемдік нарықтағы шикі мұнай бағасының төмендеп кетуінен орын алды», – деді Нұрлыбек Шонжарұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<