Қызылордада кикушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, ересектер, әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті.
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық республикалық және облыстық киокушинкай-кан каратэ федерацияларының ұйымастыруымен өткізілген дүбірлі бәсекеге республиканың аймақтарынан 14 команда, 500-дей спортшы қатысып, үздіктер анықталды.
Жарыс нәтижесінде Қызылорда облысының құрама командасы 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медальдарды еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды – Батыс Қазақстан, үшінші орынды – Қарағанды облысының командалары алды.
Қызылорда облысынан 20 спортшы қатысып, оның 12-сі жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, кумитэ бағдарламасы бойынша 10-11 жас аралығында Нұртуған Ертай (-35 келі), 12-13 жас аралығында Жалғас Анарбаев (-35 келі), 14-15 жас аралығында Али Мейрамбек (-45 келі) пен Ислам Серікбай (-60 келі), 16-17 жас аралығында Әлішер Арман (-55 келі) жәек Нұрбақыт Жұмабек (18 жас, -65 келі) кубок жеңімпаздары атанды. Ересектер арасында өнер көрсеткен Нұрбақыт Жұмабек ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Нұрислам Кенжебекұлы (8-9 жас, -30 келі), Дінмұхаммед Балқашбай (12-13 жас, -40 келі) және Жеңісбек Сахи (14-15 жас, -45 келі) – күміс, Нұржан Жанболат (12-13 жас, -40 келі), Бексұлтан Шәйділда (14-15 жас, -55 келі) және Ерсайын Тілеу (16-17 жас, -70 келі) – қола жүлделерді иеленді.
Жарыс нәтижесінде маусым айында Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына облысымыздан Али Мейрамбек, Ислам Серікбай, Нұрбақыт Жұмабек және Айбек Шаукиловтер бақ сынасады.
Спортшыларды жарысқа облыстың ағажаттықтырушысы Бауыржан Мұханов пен Үсен Төлегенов дайындады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<