Көлікті тіркеу, жүргізу куәліктерін ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

359

0

Көлікті тіркеу, жүргізу куәліктерін ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімдерінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істей бастады. Олар көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.
ҚР ІІМ-нің әкімшілік полициясының ТЭБ қызметкерлерін аудандық ХҚО бөлімдерінде орналастыру туралы шешім ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалық ететін ведомствоаралық комиссиядақабылданды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы арнайы мониторингтік тобы ұсынғанжаңа жүйеніңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкіметтің» тағы 21 фронт-офисінде жүзеге асырылады.
Жаңашылдықтың арқасында автокөлік иелері үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру және көліктерді тіркеу жұмыстары айтарлықтай жеңілдейді. Енді оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе ішкі істер органдарына тікелей жүгінудің қажеті жоқ. Ескеретін жайт, жүргізуші куәлігін алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетілмейді.
Осакаров аудандық №1 бөлімі Осакаров ауылы Пристанционная көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлімі Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Еске сала кетсек, 2012 жылдан бері Қазақстанда бір терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда елімізде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.
Анықтама үшін:
ТЕБ-нің қызметкерлері орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданының №1 ХҚО бөлімі;
2. Ақмола облысы Жарқайын ауданының ХҚО бөлімі;
3. Ақмола облысы Есіл ауданының ХҚО бөлімі;
4. Ақмола облысы Атбасар ауданының ХҚО бөлімі;
5. Ақмола облысы Ақкөл ауданының ХҚО бөлімі;
6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлімі;
7. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ХҚО бөлімі;
8. Жамбыл облысы Талас ауданының ХҚО бөлімі;
9. Жамбыл облысы Сарысу ауданының ХҚО бөлімі;
10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлімі;
11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданының ХҚО бөлімі;
12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ХҚО бөлімі;
13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ХҚО бөлімі;
14. Атырау облысы Жылыой ауданының ХҚО бөлімі;
15. Қызылорда облысы Қазалы ауданының ХҚО бөлімі;
16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ХҚО бөлімі;
17. Қызылорда облысы Арал ауданының ХҚО бөлімі;
18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының ХҚО бөлімі;
19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының ХҚО бөілімі;
20. Қызылорда облысы Шиелі ауданының ХҚО бөлімі;
21. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының ХҚО бөлімі (ЖК беру қызметі);
22. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қ. ХҚО бөлімі;
23. Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 ХҚО бөлімі.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі
 тел.: 8 7172 647 920

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<