«Көктем бояулары» көрмесі ашылды

1149

0

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен Ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасы аясында облыс суретшілерінің жеке қорларындағы туындыларынан «Көктем бояулары» атты көрмесінің ашылуы өтті.

Сыр мәдениеті мен өнерін кеңінен көрсету, суретшілердің кәсіби мәнері, көпқырлы өмір құбылыстарын көркем бейнелеудегі шеберлігін таныту мақсатында ұйымдастырылған көрме Сыр өңірінің тума таланттарға бай екенін тағы да бір паш етті.

Аталмыш көрмеге ҚР Суретшілер Одағы мүшелерінің қазақ халқының тұрмысынан, тарихы мен дәстүрінен сыр шертетін 40-қа жуық туындылары және Қазақстан Суретшілер одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Кененбаев Аманкелді Кененбайұлының Францияның оңтүстігіндегі қалаларында орнатылған Мұстафа Шоқай, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Асқар Үмбетовтың Абай Құнанбаев бюсттерінің эскиздік жобалары қойылды.

Сыр мәдениеті мен өнерін көрсететін өнер иелерінің кәсіби мәнері, өмір құбылыстарын суреттеудегі шеберліктері көрерменді тәнті етіп, зор ықыласқа бөленді. Көрме 4 мамырға дейін жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<