Көктемгі аң аулау маусымы ашылады

1127

0

Қызылорда облысындағы жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген аңшылық алқаптарда биылғы жылдың 6 наурызынан 20 наурызды қоса есептегенде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге аталық үйректерді аулауға көктемгі маусым ашылады.

Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидаларының» (бұдан әрі Қағида) 11-қосымшасына және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №104 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар, аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.

Қағиданың 18-бабының талабына сәйкес, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз аң аулауға тыйым салынады.
Аңшылық маусымында аң аулау қағидаларын және өзге де қауіпсіздік шараларын толық сақтау сұралады.

Р.БУРАБАЕВ,

Қызылорда облыстық орман


шаруашылығы және жануарлар


дүниесі аумақтық инспекциясының


бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<