Комиссия өкілдері барлық мекемелерге кедергісіз кіре алады – ҚАЖК өкілі

555

0

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңның талаптарына сәйкес қабылданған шаралардың нәтижесінде тергеу изоляторларына бұлтартпау шарасы ретінде соттар «қамауға алу» санкциясын шығарған адамдар қамалды. Тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес, барлық адамдар уақытша ұстау изоляторларынан түскен кезде міндетті медициналық тексеруден өтеді және КВИ-ге ПТР тестінің теріс нәтижесімен қабылданады. Дене жарақаттары немесе қандай да бір аурулар анықталған кезде оларға міндетті түрде медициналық көмек көрсетіледі және прокуратураға хабарланады.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-Атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеді.


Оның айтуынша, мекеме тиісті медициналық көмек көрсете алмаған жағдайда олар азаматтық ауруханаларға жеткізіледі және арнайы күзетпен емделеді.

«Бүгінгі таңда мұндай 31 адам бар, олардың 29-ы Алматы қаласының ауруханаларында, бір-біреуден – Қызылорда және Атырау қалалық ауруханаларда емделуде. Олар дене жарақаттарын тергеу изоляторларына келгенге дейін алды. Барлық кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек ұсталады, туыстары олар туралы біледі және адвокаттар бар. Олардың барлығы қамауда сот шешімімен ұсталуда. Бұл шешімдермен келіспесе, азаматтар прокуратураға немесе сотқа шағымдана алады. Айта кетейік, Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері барлық мекемелерге кедергісіз кіре алады, адвокаттар қорғауындағы азаматтармен еркін кездеседі, ал сәлемдемелер әдеттегідей қабылдануда. Қазір барлық өңірлер коронавирустық инфекциямен сырқаттану деңгейі бойынша «қызыл аймақта» болғандықтан, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Бір апта ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері 12 өңірде тергеумен-қамалғандардың ұстау жағдайларын тексерді. Одан басқа, прокуратура органдары да заңдылықтың қамтамасыз етілуін үздіксіз қадағалайды», – деп атап өтті генерал.

Айта кетейік, ҚАЖ-да және барлық өңірлік департаменттерде колл-орталықтар ұйымдастырылған, олардан қамауға алынған адамдар туралы және өзге ақпарат алуға болады. Адвокаттардың да осы орталықтардан мәлімет алуға мүмкіндігі бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<