Бес жастағы Нұрдана Бақыт Сыр елінің мақтанышы десек артық емес. Бестің белесіне енді шықса да матемиканы ойша шығарып, жетістікке жетіп жүр. Солардың бірі əрі бірегейі Санкт-Петербург қаласында өткізілген «Юсимас» Халықаралық ментальді арифметика жарысынан «призёр» атануы жəне əлемдік рекордқа өз үлесін қосуы.
Қазір міне, Бақыт Нұрдананың рекордтық көрсеткіштері World book кітабына енгізілді. Шынашақтай қыздың ересектердің өзі шығара алмайтын есепті «шемімкеше шағуына» ұстаздарының да еңбегі бар. 4 жасында жазу мен əріпті білмей кілген Нұрдананы ұстазы Гүлзат Ермековна есеп шығаруға дағдыландырған. Ұстазының үмітін ақтау үшін Нұрдана Бақыт тағы да форумға сапар шекті. Бұл форум – федеративтік кеңес төрайымы В.И.Матвиенконың айтуынша тарихи сəттердің бірі. Математика мықтысы саналып үлгерген Нұрдана Бақытқа сəттілік тілейміз.
Өңірлік коммуникациялар қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<