Кәсіпкерлікті қолдау – ел дамуының кепілі

576

0

Кәсіпкерлікті қолдау – ел дамуының кепілі Елбасының жолдауында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту тенденциясын қолдау мақсатында биылғы  жыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы болып жарияланды.

Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  облыс экономикасына үлес қосып отырған іскер азаматтармен «Кәсіпкерлікті қолдау- ел дамуының кепілі» атты кездесу ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – отандық өнімді қолдау мен насихаттау, оны өндіретін еңбек адамдарын дәріптеу, кәсіпкерлік сала­сының дамуына үлес қосқан азаматтарды, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу.

Кездесу барысында І –республикалық құрақ көрпе номинациясының 1-орын иегері, кәсіпкер Б.Қорғанбекқызы қазіргі таңда ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында қолөнерді дамытудың маңыздылығына тоқтай отырып, өз кәсібін ашқысы келетін жастар үшін  елімізде қолайлы жағдай жасалып отырғандығын атап өтті.

Шара соңынан жастар кәсіпкердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарнан жасалған көрмемен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<