Құлаған жатақхана тұрғындарына кәсіпкер көмектесуде

452

0

Құлаған жатақхана тұрғындарына кәсіпкер көмектесуде  Қызылорда қаласындағы құлаған жатақхана тұрғындарын «Аль Асад» ЖШС-нің директоры Төреғали Шанкерей қамқорлығына алып, баспанаға көшкенше тамақтандырып, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етуде.

«Аталмыш жатақхана тұрғындары уақытша біздің мектепке орналастырылды. Бүгінде 150-ге жуық адамды уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз етіп отырмыз. Тұрғындар біздің бекетке келген уақыттан бастап қызылордалық кәсіпкер Төреғали Қарышұлы азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етуді мойнына алды. Тіпті сәбилердің жөргектеріне дейін өлшемін сұратып, қамтамасыз етуде. Уақытша қиындыққа кезіккен азаматтарға осылайша қолұшын созып отырған кәсіпкерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – деді «Мұрагер» мектебі директорының орынбасары Азатбаева Эльмира.

Мұнан өзге, аталмыш мектептегі № 6 «а» сынып оқушыларының ата-аналары жатақхана балаларына арнайы қойылымдар ұйымдастырып, көңілін көтерді.

Айта кету керек, 28 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Титов тұрғын ауданы 16А мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған бөлігі құлады. Ғимараттың төртінші подъездінің 1 және 5 қабаты аралығындағы бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Жатақхананың екінші бөлігінде тұратын 46 отбасы қауіпсіз жерге, «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке көшірілді.

Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

Құлаған жатақхана тұрғындарына кәсіпкер көмектесуде Құлаған жатақхана тұрғындарына кәсіпкер көмектесуде Құлаған жатақхана тұрғындарына кәсіпкер көмектесуде Құлаған жатақхана тұрғындарына кәсіпкер көмектесуде Құлаған жатақхана тұрғындарына кәсіпкер көмектесуде 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<