Махмуд Сабырхан «Странджа» кубогінің жеңімпазы атанды

925

0

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан «Странджа» кубогінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Боксшылар арасындағы байрақты бәсеке Болгарияның София қаласында өтіп жатыр. 54 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда жергілікті боксшы Ясен Радевпен кездесуі тиіс болатын. Алайда ол жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Бұл туралы Болгария бокс федерациясы мәлімдеді. Нәтижесінде, Махмұд Сабырхан аталмыш додадан ел қоржынына екінші алтынды салды.

Айта кетерлігі, бұған дейін алтын медальді Назым Қызайбай жеңіп алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<