Мал ұрлығының алдын қалай аламыз?

2149

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мал ұрлығы үшін жазаны қатаңдату қажет екенін атап өткен еді.


Расында, елдегі ағайынның қолдағы малынан көз алдында айырылып қалуы оңай емес. Сондықтан ол ауылдық жерлерде өзектілігін жойған жоқ. Айта кетерлігі, көп жағдайда оған жайылымдағы малдарды бақылаусыз және қараусыз қалдыру себепкер болады.


Кейде аталған қылмыстың жылдам ашылуына теріс ықпал тигізетін жағдайлар жоқ емес. Мәселен, тұрғындар малдың жоғалғанын полицияға кеш хабарлайды. Олар малдардың ерекше белгісін білмей жатады. Әдетте, бұл іздестіру әрекетін қиындатады.


Көп жағдайға мұндай теріс әрекетке әбден дәніккен қылмыскерлер малды ұрлап, оны тез өткізіп жіберуге тырысады. Оны ұрлау мен оны өткізуді тез арада шешуге тырысады. Сондықтан айғақтарды табу қиынға соғады. Сондықтан малға сенімді күзет, жайылымда оларға тәулік бойы бақылау қажет. Оларды бағатын жерді назардан тыс қалдырмаған жөн. Осының бәрі малды сақтап қалуды қамтамасыз етеді.


Өткен жылы Қызылорда қалалық №2 сотында бұған байланысты 3 іс айыптау үкімі қабылданды. Ал 1-і қаулымен өндірістен тоқтатылды. Ал 1 іс соттылығы бойынша басқа сотқа жолданды.
Ал биылғы алғашқы тоқсанында мал ұрлығына қатысты 1 іс түсіп, ол бойынша айыптау үкімі қабылданды.

Таңшолпан Алтынбаева,

Қызылорда қалалық №2 сотының жетекші маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<