«Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке үш кезең бойынша өткізіліп, төрт жас деңгейінде 8000-ға жуық спортшы сынға түсті.
Түйе палуан сайысына 24 спортшы қатысты. Олардың арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов «Сыр Барысы» атанып, оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 125 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал, «Сыр Арланы» – аралдық Нұрым Сəлімгереевке 540 мың теңгенің, «Сыр Сұңқары» – қармақшылық Марат Баймахановқа 360 мың теңгенің сертификаты берілді.
Үстіміздегі жылдың 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан М.Исағабылов пен Н.Сəлімгереев облыс намысын қорғайтын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<