Мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

367

0

Мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл  қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы  тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс.

Өтініш берілгеннен кейін  деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша  анықтама  алуға  тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<