Мемлекет басшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсіміне қатысты

408

0

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсіміне қатысты Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзінде Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсімі ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне тоқталып, бұл іс-шара Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы консультативтік жұмыс кездесуіне тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Астана мен Ташкент сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты табысты дамытып келе жатқанын, сондай-ақ олардың халықаралық және өңірлік маңызды мәселелерді шешуге қатысты ұстанымдарының ортақ екенін айтты.

– Қазақстандағы Өзбекстан жылы екі халықтың шынайы бауырластығын танытады. Бұл байланыс тамырының тереңдігімен, ортақ тарихымен және бабаларымыздың бай рухани мұраларымен нығайып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл іс-шара Қазақстан-Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршіліктің символы ретінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің серіктестігін нығайтуға және мәдени-өркениеттік тұрғыдан жақындасуына зор үлес қосатынын айтты.

– Орталық Азия – тарихы бай, өзіндік мәдени мұрасы бар адамзат өркениетінің көне бесігінің бірі. Біз ортақ құндылықтарымыз бен бірегей дүниетанымымызды сақтап қалдық. Бұл мереке біздің бірлігімізді, рухани тұтастығымыз бен көп ғасырлық достығымызды одан әрі нығайтуға қызмет ете берсін, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін Шавкат Мирзиёевке І дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Шавкат Мирзиёев өз еңбегінің жоғары бағаланып, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жылын өткізу туралы бастама көтеріп, шешім қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа зор ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсіміне қатысты Өзбекстан Президенті Қазақстанның бүкіл әлем мойындап отырған жүйелі саяси өзгерістері мен экономикалық реформаларын, көреген және терең ойластырылған жаһандық және өңірлік бастамаларын ерекше атап өтті.  

– Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне табысты төрағалық етуі, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің тарихи отырысын, халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін және басқа да ірі халықаралық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуі – Қазақстанның халықаралық беделінің жоғары екенінің жарқын көрінісі. Бүгін біз Астанада көп жылдан бері алғаш рет Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуін өткіздік, – деді Өзбекстан Республикасының Президенті.

Шавкат Мирзиёев бүкіл өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, өсіп-өркендету үшін Орталық Азия елдерінің интеграциялық ынтымақтастығында Нұрсұлтан Назарбаевтың зор рөл атқарып отырғанын ерекше атап өтті. 

– Өңірлеріміз арасындағы тығыз байланыстар, адамдар арасындағы ашық қарым-қатынас пен достық, мәдени байланыстардың жандануы халықтарымызды жақындата түсуге мүмкіндік берді. Бұл әлемдік деңгейдегі көрнекті мемлекет және саясат қайраткері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор ерік-жігерінің арқасында жүзеге асқанын ерекше атап өткім келеді, – деді Өзбекстан Президенті.

Өзбекстан басшысы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы қатынастарды дамытудың маңызы зор екенін айтты.

– Осыған байланысты біздің елімізде қазақ халқының ұлы перзенті, ойшыл және гуманист ақын Абай Құнанбаевтың мұрасын насихаттап, терең зерттеу жөнінде Өзбекстан Президентінің қаулысы қабылданғанын хабарлаймын, – деді Шавкат Мирзиёев.

Іс-шара барысында Өзбекстан Республикасының белгілі шығармашылық өкілдері өнер көрсетіп, көрші елдің зергерлік және қолөнер бұйымдарының көрмесін таныстыру рәсімі өткізілді.  

Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне Кырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Дереккөз: akorda.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<