Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<