МЕНИНГИТ ПРОФИЛАКТИКАСЫ: ҚАУЫРТ ЖЕЛІ АШЫЛДЫ

335

0

МЕНИНГИТ ПРОФИЛАКТИКАСЫ: ҚАУЫРТ ЖЕЛІ АШЫЛДЫ  Қазір барлық өңірлерде жұмыс істеп тұрған Call-орталықтары базасында менингитпен сырқаттанудың алдын алу мәселелері бойынша қауырт желі ашылды. Барлық телефон нөмірлері Комитет пен Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында орналастырылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.
Қауырт желілер тәулік бойы жұмыс істейді. Оған әрбір адам тәуліктің кез келген уақытында қоңырау шалып, менингитке қатысты туындаған мәселелер бойынша инфекционисттің немесе эпидемиологтың сауатты консультациясын ала алады.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған Call-орталықтары базасына 67 қоңырау түскен. Операторлардың айтуынша, қоңыраулардың жартысынан көбі күндізгі уақытта түссе, түнгі уақытта да орталыққа қоңыраулар белсенді түрде қабылданды.
Бүгінде менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың жоғарғы шегінен төмендеп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыста менингококты инфекция жұқтырған 1 жағдай тіркелді. Осы жылдың 31 мамырында Жаңақорған ауданының тұрғынынан инфекция анықталған болатын. 27 жастағы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда, дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады, азамат 2 маусымда аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаеваның айтуынша, науқаспен қарым-қатынаста болғандарға медициналық бақылау әлі жүргізілуде. Ал, науқастан алынған жұлын сұйықтығы зертханалық зерттеу үстінде.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<