Мерейтой иесіне құрмет

1209

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Еңбек ардагері, «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсатовты 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. Аймақ басшысы мерейтой иесінің ғибратты ғұмыры өзгелерге үлгі, жастарға өнеге екенін айтып, ұзақ ғұмыр шығармашылығына зор табыс тіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

– Аймағымыздың қоғамдық-саяси өмі­рі­не белсенді араласып жүрген құрметті аза­мат­тарымыздың бірісіз. Түрлі басылым беттерінде адами қасиеттерді ұлықтайтын, ұрпақ тәрбиесіне байланысты мақалалар, «Мәуелі мезгіл» ғұ­мырбаяндық және ата-бабалар ұстанымдары жайлы «Болмыс» атты кітап жазып, құнды мұрамызды толықтырдыңыз. Сіздің еңбек жолыңыз өскелең ұрпаққа өнеге болары анық. Бүгінгі мерейтойыңыз құтты болсын! – деді облыс әкімі.

Мұнан соң аймақ басшысы Еңбек ардагеріне облыстың Құрмет грамотасын табыстап, иығына шапан жапты. Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен облыстық мәслихат депутаты Шәкизада Әбдікәрімов мерейтой иесінің өмір жолынан естеліктер айтып, елге сіңірген еңбегінің орасан екенін жеткізді.

Өз кезегінде Сәпен Аңсатов құрмет көрсетіп, еңбегін елеген аймақ басшысына алғысын айтты.

Еске салайық, Сәпен Аңсатов 1940 жылы 21 қарашада Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

1975 жылы Қызылорда қаласындағы «Ком­сомол» совхозтехникумын техник-механик ма­ман­дығы бойын­ша, 1984 жылы Жамбыл су шаруа­шылығы құрылысы институтын инженер-механик мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген.

1958-1976 жылдары Жосалы механикалық зауытында токарь, слесарь, мастер, механикалық цех бастығы, комсомол, кәсіподақ ұйымдарының жетекшісі болды.

1977-2000 жылдары Қызылорда ағаш өңдеу, силикат қабырғалық материалдар зауыттарында, мұнай базасында директор, «Қызылорда мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының вице-президенті, «Сырдария мұнай өнімдері» акционерлік қоға­мының президенті қызметтерін атқарды. 2000 жылдан бастап зейнетте.

Қармақшы ауданының және Қызылорда қала­сының Құрметті азаматы. «Құрмет» орденінің иегері.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<